25 қазан – Республика Күні Ұлттық мереке мәртебесін алды
![25 қазан – Республика Күні Ұлттық мереке мәртебесін алды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/0678960c07ba57c1489b2d98ccfdf6e9_XL.jpg)
Республика күні Ұлттық мереке мәртебесін алды. Сенат депутаттары 25 қазанды Ұлттық мереке деп белгілеу туралы норманы қамтитын түзетулер пакетін бірауыздан қолдады. Бұл күн демалыс болады. Сонымен қатар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде қала береді. Енді заң жобасына мемлекет басшысы қол қоюы тиіс.