Әділдік - ізгіліктің іргетасы

«Және хақ жолы осы деп әділетті» деп, Абай хакім әділетті болуды иманның үш асылына балайды. Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды.