Актерді үйрету өте қиын

11 наурызда «Назар» театры «Нурикамал» әнінің шығу тарихы жайлы баяндайтын алғашқы қойылымның тұсауын кесті.
Толығырақ «Назар» театрының жетекшісі, актер, продюсер, режиссер Сәбит Әбдіқалықов және сол театр әртістері бүгінгі «Мархабатта» баяндайды!

Сәбит Әбдіқалықов театрды неліктен «Назар» деп атады? Театрға әртістерді іріктеу қалай өтті? Бағдарламаның кезекті қонағы - актриса Бақыт Әліпбаева жақында көрерменге жол тартқан «НВП ағай» толықметражды фильміндегі рөлі және педагог ретінде жаңалықтарын ортаға салды. Сондай-ақ, «Мархабаттың» төрінде тоқыма эксперті Шырын Қаныбек қолымен жасаған дүниелерін халыққа таныстырды. Бағдарлама түйінін опера әншісі Әйгерім Шәріпбек өзінің өнердегі жаңалықтарымен түйді.
Осы және өзге де қызықтарды «Мархабаттан» көріңіз!