«Әл-Жәбрдің атасы» ғылыми-танымдық журналы өзбек тілінде жарық көрді

Бұл отандық математика бағытындағы ғылыми-танымдық журнал. Балаларға арналған басылым Ташкентте оқырмандарға таныстырылды. Өзбек ғалымдары бұл журналды жоғары бағалап отыр. Алгебраның әліппесі сынды бұл еңбек - жас жеткіншектерге таптырмас құрал, дейді олар. Айта кетсек, ғылыми журналдың қазақшасы былтыр қарашада жарыққа шыққан. Оның бас редакторы - танымал математик, еліміздегі Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаев.