Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның жетінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына шешілді
![Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның жетінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына шешілді](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/cd6750ce66373240c840398fa27c92f0_XL.jpg?t=20230419_090107)
Жетінші партияда Ян Непомнящий ақ тастармен, ал қытайлық Дин Лижэнь қара фигуралармен ойнады. Кездесу 37-жүрісте ресейлік шахматшының пайдасына аяқталды. Енді екі гроссмейстер теке-тіресіндегі есеп - 4:3. Келесі кездесу сәуірдің 20-сына белгіленген.
Еске салайық, қос қарсылас арасында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан жоғары жинаған шахматшы әлем чемпионы атанады. Қазақстан астанасында 7 сәуірде басталған шахматтан әлем чемпионаты 1 мамырға дейін жалғасады.