Арнұр Ысқақов: Ерекше жандарға жігер бергім келеді

Ол – дәрігер болуды армандады. Алайда, адам жанына араша болуға ұмтылған бір сәт оның өмірін өзгертті.

Бірақ ол мойымады, арбада отырып-ақ елге қызмет етті, қоғам белсендісіне айналды. Өз өмірі туралы «Арбамен арманға» деген кітап жазды. Көрерменге «Жизнь после» атты көркем фильмін ұсынды. Тағдырластарын бір арнаға тоғыстырып, «Қанаттылар» инклюзивті театрын ашты.
Ол – қиындықпен бетпе-бет келген, тағдыр тауқыметін тартқан талай жанға үміт сыйлап, жігер берген күрескер азамат Арнұр Ысқақов.