Ассамблеяның үздіктері марапатталды

Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының кезекті сессиясы өтті.

Бірлік күніне орай этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, қоғам белсенділері мен еріктілер бас қосып, ынтымақты нығайту және патриоттық тәрбие беру тақырыбында келелі мәселелерді талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облыстық филиалы аймақтағы елеулі шараларға үнемі үлес қосып келеді. Биылғы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде де өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Мұны өңір басшысы да атап өтіп, ұйым мүшелеріне зор алғысын білдірді.