Астана – Сингапур

Сіңірі шыққан Сингапурды айналасы 30-40 жылда алапат байлыққа жеткізген үш-ақ нәрсе: әуелі ақылман басшы, екіншісі – еселі еңбек, содан соң әлқисса сөзімізге тұздық болған тәртіп.

Оңтүстік-Шығыс Азия, Малакка түбегінің бір пұшпағындағы алақандай ғана Сингапурды әлемдік сауда-экономикалық орталыққа айналдырған аңыз адам Ли Куан Юдың өзі айтады: «Мемлекетте жоқ табиғи ресурстың орнын халықтың ой-өрісі мен тәртібі толтырады».

Хош, алыс, алыс та болса, бұған дейін қалыптасқан және алдағы еларалық қарым-қатынас одан әрі жақындастыра түсер Сингапурға табанымыз тиді. Себеп – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елдегі 2 күндік мемлекеттік сапары.