Астанада Қазақстан мен Швецияның бірлескен фотожобасының тұсауы кесілді
![Астанада Қазақстан мен Швецияның бірлескен фотожобасының тұсауы кесілді](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/7553d00b3ad812548989c680358f8c99_XL.jpg?t=20221116_082530)
Бірегей экспозицияға екі ел фотографтарының 40 жұмысы қойылған. Картиналарда авторлар отбасының бақытты, сонымен қатар қиын кезеңдерін көрсете отырып, «ынталы» ата-ана тақырыбын қозғаған. Шараны Швеция елшілігі мен БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры ұйымдастырды. Фотографтардың әрбір жұмысында әке мен ананың орны көрсетілген. Көрмені 23 қарашаға дейін кез келген келуші тамашалай алады.
Жәмилә Құсайынова, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының өкілі:
- Біріккен Ұлттар Ұйымында балаларды тәрбиелеуде, бала күтімімен айналысатын отбасылардың, ата-аналардың, ер азаматтардың үй шаруашылығындағы міндеттері бірдей деп атаймыз. Бұл тек ақша табу, азық-түлік сатып алу ғана емес, сонымен бірге отбасыңызбен бірге өткізу, жұбайыңызға үй шаруасына көмектесу, балаларыңызбен үй тапсырмасын орындау.