Ауыр атлетика: жаһандық додалардағы дәрежеміз қандай?

Спорт – елдің абыройын асқақтатып, беделін көтеретін, ұлтты ұйыстыратын сала. Ал мемлекеттің намысын қорғайтын спортшылар – қалың елдің үміті мен тілегі.

Үш жасынан спортқа қатысып, үш рет әлемдік рекорд жаңартқан зілтемірші Едіге Ембердінің ертеңіне ел үміті зор. 18 жастағы әлем чемпионының арманы не? Қазіргі таңда қандай жарысқа дайындалып жатыр? Қазақстандық ауыр атлетшілерге әлемнің көзқарасы қалай? Жаһандық додалардағы дәрежеміз қандай?
Жас спортшы Едіге Емберді жарыс жолындағы қиындықтар мен қызықтар жайында «Еркін сұхбат» бағдарламасында айтып берді.