Айналайын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың жайлы өмір сүруі мен қауіпсіз ортада өсуін үнемі айтады.

Мереке қарсаңында еліміздің әр түкпірінен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегер жеткіншектер Ақорда резиденциясын аралады. Бүлдіршіндерге Президент атынан түрлі сыйлықтар табысталды.

Қазақстан балалары түрлі әлемдік білім, ғылым, робототехника жарыстарында үздіктер қатарынан көрініп жүр. Әсіресе, робототехника бойынша әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген Алматы РФМШ мектебінің оқушылары Нұрай Рғымбай мен Дариға Рахымберді жетістікке қалай жетті? Бүгінде елімізде дарынды балаларға қандай жағдай жасалған? Бүлдіршіндерді қолдау, қорғау мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
«Айналайын» деректі фильмінің желісі осындай сауалдарға жауап беретін болады.