Балалар теміржолы серуен аймағына айналады

Шымкентте жаңа серуен аймағы ашылмақ. Оны тозығы жетіп тұрған балалар теміржолының үстінен салады. Шойын жол бұзылып, орнына жүгіру және веложолақ төселеді. Қосымша workout алаңдар болады. Кешенді жобаны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдеріне мен блогерлерге таныстырды. Осылайша, миллионды қаладағы жылдар бойы қордаланған мәселе оң шешімін таппақ.