Баланың бауыры мен жүрегіне бір уақытта ота жасалды

Қазақстанда алғаш рет баланың бауыры мен жүрегіне бір мезетте ота жасалды. Оны «Ана мен бала ұлттық орталығының» дәрігерлері шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, іске асырды. Ота кезінде науқастың алдымен бауырының оң жақ бөлігіндегі, кейін бірден қан тамырындағы ісігі алынған. Бұл аса сирек кездесетін жағдай, дейді дәрігерлер. Әлем бойынша бұндай операция небәрі 10 рет жасалған.