Ахысқа түріктері деген кімдер?

Ахыска – Грузияның Түркиямен шекаралас аймағында орналасқан мекен. Кезінде бұл жерде түріктер өмір сүрген. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде қару ұстай алатын 40 мың түрік азаматы әскер қатарына қосылды. Елде қалған 91 мың түрік ұлтының өкілі 1944 жылы әуелі Өзбекстанға, кейін Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Түркияға қоныс аударған.

Қазақстандағы ахыска түріктері түрік этносының негізгі бөлігі саналады. Түрік этномәдени орталығы Қазақстанда жасалған алғашқы этноорталық саналады. Ал Расул Ахметовтың бұл орталыққа сіңірген еңбегі зор.