COVID-19: әлемде эпидахуал тұрақталған жоқ
![COVID-19: әлемде эпидахуал тұрақталған жоқ](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/0bda6081e388c3f59104d662ea62d75d_XL.jpg)
Әлемде коронавирус жұқтыру көрсеткіші қайта артты. Джонс Хопкинс уинверситетінің мәліметінше, инфекцияға шалдыққандар саны 507 миллионға жуықтады. АҚШ-та ауру жұқтыру жағдайлары екі айға жуық уақыт едәуір төмендегенімен, бүгінде эпидахуал тағы күрделене түсті. Әсіресе, Род-Айленд және Нью-Гэмпшир штаттарында коронавирус бой бермей тұр. Бұған «Омикрон» штамының субвариантының таралуы себеп. Мамандардың пікірінше, ауру жұқтырғандар саны әлдеқайда көп. Себебі адамдардың көбі үйлерінде COVID-19 тестін қолданып, медициналық көмекке жүгінбейді.
Питер Хотес, Бейлор медициналық колледжінің молекулярлық вирусология қызметкері:
– Құрама Штаттарының солтүстік-шығысында коронавирус жұқтыру жағдайлары қайта көбейді. «Омикронның» жаңа субварианты, БиЭй2 штаммы әлдеқайда жұқпалы. Алдағы уақытта ауру жұқтырғандар саны күрт артуы мүмкін.