COVID-19 кейбір дене жасушаларының үзілуіне әкелуі мүмкін
![COVID-19 кейбір дене жасушаларының үзілуіне әкелуі мүмкін](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/66287bce8f3d06031d62967585c23eb9_XL.jpg)
Коронавирус кейбір дене жасушаларының үзілуін тудырып, бірқатар органдардың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Ұлыбритания ғалымдары жүргізген жаңа зерттеудің нәтижесі осындай. Олар COVID-19 жұқтырған адамның денесіндегі иммундық жасушалар пироптозға ұшырауы мүмкін екенін және дәл осы механизм коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастарда зиянды қабынуды тудыратынын анықтады.
Нәтижесінде пироптоз бүкіл денеге таралып, өкпе-бауыр және басқа да органдарды зақымдайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл нәтижелер зерттеушілерге коронавирусты емдеудің тиімді әдістерін жасауға көмектеседі.