Экоакцияны қолдауға арналған флешмоб өтті

Шымкенттік жастар «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдау мақсатында арнайы флешмоб ұйымдастырды.    Орталық алаңға жиналған өскелең ұрпақ өкілдері жұртты сүйікті қаланы таза ұстауға шақырды. Айта кетейік, шаһарда бір ай бойы өтіп жатқан тазалық шарасы аясында көшелер, бақтар тазаланады.