Экологиялық акция мәресіне жетті

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз мәресіне жетті. Айналаны абаттандыру айлығы таза өлке, киелі мекен, жасыл аймақ, сондай-ақ өнегелі ұрпақ, мөлдір бұлақ деген апталықтарға бөлінді. Жас науқанға Сыр жұрты да үлкен үлес қосты, жиі сенбілікке шығып, өзен-көл, арықтарды қоқыстан тазалап, бұлақтардың көзін ашты.