ЕО маймыл шешегіне қарсы 110 000 вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойды
![ЕО маймыл шешегіне қарсы 110 000 вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/584a81284ce55b633dc4ceaa66a08233_XL.jpg?t=20220615_063300)
Еуропалық Одақ маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 110 000 дозасын сатып алуға ниетті. Бұл туралы Одақтың денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Стелла Кириакидес хабарлады. Оның айтуынша, препараттың алғашқы партиялары маусым айының соңы-шілденің басында жеткізіле бастайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, маймыл шешегі Еуроодақтың 19 елінде тіркелген. Оларда вирус жұқтырудың 900-ге жуық жағдайы анықталып отыр.