Қашан сәбилі боласың?

«Қашан сәбилі боласың?» деп жақынымызға жанымыз ашып сұрақ қойсақ та, жанын жаралайтынымызды естен шығарып аламыз. Сәби сүйіп, ана болу бақыты біреуге кеш, біреуге ерте бұйырады. Біздің кейіпкеріміз араға 27 жыл салып, бақытты сезімді бастан кешті. Мадинаның қуанышы ұзағынан болсын дейміз.