Қазақстан Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медальды алды
![Қазақстан Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медальды алды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/9569fb7894bffc60b1f00578a16e62d6_XL.jpg?t=20220309_051658)
Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті. Александр Герлиц ерлер арасындағы биатлон жарысында 10 шақырым қашықтықта өнер көрсетті. 28 жастағы Петропавл тумасы – бұл жарыстардағы республиканың жалғыз өкілі. «Алтын» канадалық Марк Арендцке, «күміс» украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.