Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 189 жағдайы расталды
![Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 189 жағдайы расталды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/117a48b8a9757352de0f2258eabd8afe_XL.jpg)
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты. Тек соңғы өткен тәулікте республика бойынша инфекция жұқтырудың бірден 189 дерегі тіркелді. Осылайша, бір ғана Алматы қаласының өзінде жүзге жуық, Нұр-Сұлтанда 55 науқас анықталды. Антирейтингті еліміздің үшінші мегаполисі мен Алматы облысы тұйықтайды, әрқайсысында вирустың жаңа 8 жағдайы тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 788 адам ковид инфекциясынан емделіп жатыр, алты адамның жағдайы ауыр.