Қазақстанда «Франкофония көктемі» өтіп жатыр

Қазақстанда «Франкофония көктемі» өтіп жатыр

Қазақстанда «Франкофония көктемі» фестивалі өтіп жатыр. Француз тілі мен мәдениетін насихаттайтын іс-шара осымен 14 рет ұйымдастырылып отыр. Биыл Франция елшілігінің жобасына еліміздегі Марокко, Швейцария, Армения, Бельгия, Румыния, Канада, Тунис дипломатиялық өкілдері де атсалысуда. Бұл жолы да француз мәдениетінен сыр шертетін ауқымды бағдарлама құрылған. Қазақстандықтардың назарына кино апталығы, түрлі музыкалық концерттер мен танымдық көрмелер ұсынылып, тіл байқаулары мен конференциялар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, екі айға созылатын «Франкофония көктемі» Қазақстанның 7 бірдей қаласын қамтиды.  

Дидье Канесс,  Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі:

– Әдеттегідей, біз шара бағдарламасын қызықты етіп ұйымдастыруға тырыстық. Оның ішінде екі негізгі шараларды ерекше атап өткім келеді. Оның бірі Францияның әйгілі джаз әншісі Габи Артман Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында концерт береді. Сондай-ақ, елордада француз ән фестивалінің ақтық сыны өтеді.  Бас жүлде иегеріне  Парижге 2 ұшақ билеті табысталады. Фестивальдің толық бағдарламасы елшіліктің сайты және «Франкофония көктемінің» ресми парақшасында жарияланған.