Қазақстанда кеме құрастыру зауыты салынады

Қазақстанда кеме құрастыру зауыты салынады

Каспий теңізінің жағалауында контейнер хабы пайда болады. Ол салмағы 20 мың фут болатын жүк контейнерлері тасымалын 300 мыңға дейін ұлғайтады деп жоспарлануда. Көлік министрлігінің хабарлауынша, құрылыс Ақтау теңіз портында басталады.

 

Одан бөлек, Құрықта жаңа үш терминал салып, айлақ инфрақұрылымын жаңғырту жоспары да бар. Сонымен қатар, Каспий жағалауында жаңа кеме құрастыру зауытының құрылысы да басталуы мүмкін. Бүгінде еліміздің сауда флотын күшейту мақсатында бұл нысанды салу мүмкіндіктері мен әлеуеті саралануда.

 

Сондай-ақ, жаңа кемелер, оның ішінде танкерлер, жүк тасымалдаушы кемелер, көпфункционалды паромдар жинау қажеттілігі де туындайды. Аталған жұмыстардың барлығы 2030 жылға дейінгі теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарында қамтылған.


Ал, өзен тасымалының әлеуетін арттырып, толыққанды дамыту үшін Ертіс трансшекаралық су бағыты арқылы Ресей-Қазақстан-Қытай мультимодальды дәлізін қалыптастыру жағы қарастырылуда. Бұл шара осы елдер арасындағы жүк тасымалын едәуір ұлғайтады. Бүгінде жүк тасымалы үшін өзен тереңдігін арттыру мүмкіндіктері қандай екені де анықталу үстінде. Оның үстіне, Тұғыл елді мекені маңында порт кешенін салып, ары қарай Қытаймен шекараға дейін темір жол байланысын орнату мәселесі қолға алынбақ.


Алдын ала есепке сай, жаңа бағыт бойынша жүк тасымалы 2-2,5 млн тонна көлемінде болмақ. Бұл жоба Ертіс-Обь бассейні арқылы Ресейдің солтүстігіндегі теңіздерге де жол тарту мүмкіндігі де қарастырылады. Тағы бір стратегиялық бағыт – Орал-Каспий каналы арқылы экспорттық тасымалды да қалпына келтіру. Оның әлеуеті 1 млн тонна көлемінде бағалануда.