Қазақстанда мәдени мұралардың онлайн-порталы іске қосылады

Қазақстанда мәдени мұралардың онлайн-порталы іске қосылады

Қазақстанда алғаш рет «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады. Аталмыш тұғырнамада еліміздің мәдени мұрасы жайындағы ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тіркелген 6 тілінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде жарияланады. Жалпы төл тарих пен мәдениеттің жарқын үлгілері, ұлттық құндылықтар, еліміздегі киелі мекендер, туристік орындар, сәулет, қолөнер жетістіктері туралы тың деректер мен жаңалықтар ұсынылады.  

 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: 

 

– Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау.  

 

Бейінді ведомство басшысының айтуынша, әлемдік қоғамдастық назарын Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан қырына аудару үшін бұл сайтты ашу аса маңызды қадам. Аталған жоба 2024 жылдың 1 наурызында жүзеге аспақ.