Қазақстанда өңдеу саласында 120 астам жаңа жоба іске қосылды

Қазақстанда өңдеу саласында 120 астам жаңа жоба іске қосылды

Қазақстанда 2023 жылы өңдеу саласында құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жобалар іске қосылды. Бұл туралы еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарланды. Мәселен, Ақтөбе облысында жиналған шламдарды қайта өңдеуге арналған байыту фабрикасы ашылды. Қарағанда облысында, арнайы кокс өндіретін кәсіпорынның техникалық ашылуы болды. Ал, Саран қаласындағы арнайы экономикалық аймақта тұрмыстық техника өндірісі басталды. Одан бөлек, елімізде түрлі брендтердің көліктері мен олардың бөлшектері шығарылып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жаңа экономикалық модельге өтуге арналған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Оның ішінде елдің өнеркәсібін нығайтуға ерекше көңіл бөлінген.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
– 2023 жылы мемлекет өндіріс саласын дамытуды қолдау үшін бірқатар шараларды қолға алды. Қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұрақты концепциясы қабылданды. Оған қаржылай да және өзге де қолдау қарастырылған. Жеңілдетілген несиені қоса алғанда жобаларды қаржыландыруға 620 млрдтан астам теңге бөлінеді. Шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 25 үшжақты келісім мен 35 ұзақ мерзімді мәміле мен 10 шартқа қол қойылды. Арнайы кономикалық аймақтарда 325 жаңа жоба іске қосылды.

Сонымен қатар 2023 жылы бұған дейін шығарылмаған жаңа тауар түрлері өндіріле бастады. Олардың ішінде, мұнай-химия реагенттері, күн панельдеріне арналған картридждер, жоғары тұрақты электр үнемдейтін кварцтық генераторлар, электронды температура түрлендіргіштері және мембрандық бөлгіштер жүйелері, сондай-ақ жоғары вольтті вакуумдық автоматтық ажыратқыштар және көп функциялы есептегіштер бар.