Қазақстанда соңғы тәулікте 1104-тен астам адам коронавирус жұқтырды
![Қазақстанда соңғы тәулікте 1104-тен астам адам коронавирус жұқтырды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/5f3bdb77daa0f9f273c2ccbd6b6f41b6_XL.jpg?t=20220817_054816)
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1104 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді, оңтүстік шаһарда 350 адамның бойынан індет табылды. Елордада - 328, Шымкент қаласында 102 тұрғыннан инфекция анықталған. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 312 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 4 жарым мыңға жуық адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 503 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 317 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 884 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.