Қазақстанда соңғы тәулікте 1477-ден астам адам коронавирус жұқтырды
![Қазақстанда соңғы тәулікте 1477-ден астам адам коронавирус жұқтырды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/4ebdaef7a96ec6942b57cf98837d5b47_XL.jpg?t=20220718_061735)
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1477 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі 573 адам - Алматы қаласында анықталды. Елордада - 493, Алматы облысының 91 тұрғынынан инфекция табылды. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 318 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 8700-ден аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 680 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 321 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 917 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.