Қазақстанда тағы бір қала пайда болды

Қазақстанда тағы бір қала пайда болды

Қазақстанда жаңа қала пайда болды. Президент Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерге байланысты қаулыға қол қойды. Осылайша, Жетіген аулы облыстық маңыздағы қала мәртебесін алып, атауы Алатау деп өзгертілді. Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа қаланы құру инвестиция, технология тартуға және кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға мүмкіндік беріп, өңірдің экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді. Айта кетейік, Алатау қаласының барлық аумағы мен Қонаевтың бір бөлігі арнайы экономикалық аймаққа кіреді. Мұнда қызметтің 17 басым түрі бойынша 170-тен астам жобаны орналастыру көзделген. Олардың жалпы сомасы 12,5 трлн теңгені құрайды.