Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдары жаңғыртылады
![Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдары жаңғыртылады](https://jibekjoly.tv/storage/images/202312041904-GoPsg381W8.jpeg)
«Талдықорған - Өскемен» және «Қарағанды - Балқаш» жолдарын жаңғырту. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «CITIC Construction» компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесуі барысында республикалық маңыздағы автожолдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды. Еліміздің Үкімет басшысы ірі жобаларды уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу қажеттігіне де тоқталды. Кездесуде аталмыш компанияның ел аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды. Премьер-Министр орталық мемлекеттік органдар тарапынан келісімдерді пысықтауда қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.