ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қытай Төрағасы елімізге мемлекеттік сапармен келді. Си Цзиньпинді елорда әуежайынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланған. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Ал, балалар екі елдің жалауымен желбіретіп, Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде қошемет көрсетті. Сондай-ақ, Төраға Си Цзиньпин бастаған делегацияға ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.