Көк байрақ Медеуде желбіреді

Алматыдағы ең үлкен көк байрақ бүгін - Медеу шатқалында желбіреді. Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Батыр» президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран шырқады. Айтулы шараға қала әкімі Ерболат Досаев, зиялы қауым өкілдері, жастар мен еріктілер, сондай-ақ спортшылар да қатысты.