Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады
![Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/40002b4183521f444712b65d690eb49b_XL.jpg)
Мәулен Әшімбаев сондай- ақ жуық арада әлеуметтік кодекс, әкімшілік реформа, адам құқықтары және мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобалары қабылданатынын айтты. Жалпы, Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері барлығы 21 заң мақұлданып, қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Аталған жұмыстың нәтижесінде екі заң жобасы әзірленді.