Моңғолияда IV кіші құрылтай өтіп жатыр
![Моңғолияда IV кіші құрылтай өтіп жатыр](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/f076a620181e3f069d02052283c94cd7_XL.jpg)
Олардың қатарында мәдениет ошақтарының басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар ұйымдарының өкілдері бар. Құрылтай аясында ғылыми конференция, кино және мультфильм апталығы, бизнес-форум, ұлттық ойындар мен мерекелік концерттер өтеді. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай шараларды өткізу екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, ұлттық сана-сезімі мен рухани байланысын арттыруға септігін тигізеді.Айта кетейік, бүгінгі таңда Моңғолияда 120 мыңға жуық қазақ тұрады. Олар елдегі моңғол ұлтынан кейінгі ең ірі этникалық топтардың бірі саналады.