Омикронға қарсы әлемдегі алғашқы вакцина мақұлданды
![Омикронға қарсы әлемдегі алғашқы вакцина мақұлданды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/990a4387df2140970581847febc841fc_XL.jpg?t=20220816_064039)
Ұлыбритания коронавирустың Омикрон штамына қарсы әлемдегі алғашқы бивалентті вакцинаны мақұлдады. Екпе инфекцияға қарсы иммундаудан өткендерді қорғау мақсатында дайындалған. Препаратты Moderna компаниясы әзірлеген. Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі Омикроннан қорғайды. Сондай-ақ бұл препаратты ревакциналау үшін де қолдануға болады. Сын-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. Препарат сондай-ақ, «омикронның» бірнеше кіші түрінен қорғайды.