«Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті

Абай облысында алғаш рет «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орналасқан. 

Оқу-жаттығу орман алқабында тұтанған өртті өшіруден басталды. Қас-қағым сәтте тілсіз жау жан-жақты шарпып, жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төндірді. Дәл осы кезде Басқару органдары және Азаматтық қорғау күштері мен техникалары жедел әрекет етіп, қауіптің бетін қайтарды.