Қазақстанда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 12 жаңа жағдайы анықталды
![Қазақстанда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 12 жаңа жағдайы анықталды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/294b2af6fd525899ebd3bab2622405c6_XL.jpg?t=20220411_054612)
Қазақстанда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 12 жаңа жағдайы анықталды. Науқастар Алматы қаласында, елордада және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қазіргі уақытта 2 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 212 пациент стационарда ем қабылдауда. 9 млн 198 мыңнан көп қазақстандық вакцинаның қос компонентімен иммундалған. Ревакциналаумен қамтылғандар қатары 3 млн 502 мыңнан асты.