Президент АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады
![Президент АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/3b249fb08160d655a60a0ab76a195af7_XL.jpg)
Қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясымен талқылады. Кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді.