Президент ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуды тапсырды
![Президент ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуды тапсырды](https://jibekjoly.tv/storage/images/202402231814-zre7iwX6un.jpeg)
Қазақстанның газ саласына 12 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Сонымен қатар елімізде Қашағанда көгілдір отынды өңдеудің жаңа бағыттары сынды бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «QazaqGaz» басқармасының төрағасы Санжар Жаркешов ұлтық компанияның былтыр атқарған жұмысының есебін беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарды таныстырды. Ол өңірлерді дамыту қамында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар ірі газ құбырлары тартылып, іске қосылғаны жөнінде баяндады. Олардың жалпы құны 400 млрд теңгеден асады.
Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
– «QazaqGaz» ұлттық компаниясының тауарлық газының қорын көбейтіп, рессурстық базасын дамыту үшін жаңа «Анабай» газ кен орны іске қосылды. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына көгілдір отын жеткізу көлемі 19% ұлғайды. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 112 елді мекен газға қосылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырма берді. Олар газ
саласын кешенді түрде дамыту, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде
қамту, ресурстық базаны кеңейту және инвестициялық тартымдылықты жақсартуға
бағытталған.