Сәтті саундтрек сыры неде? | NE PROSTO orchestra | JAZI orchestra

«Төрлетіңіз» төрінде сазды саундтрек! Бағдарламаның бұл шығарылымы киноларға саундтрэк болған әндерге арналады. Кеште түрлі аспаптармен отандық және әлемдік кино мен сериал әуендерін орындап желі жұлдызы атанған өнерпаздар бас қосады. Өздерінің шеберліктерінің қыр-сырымен бөлісіп, көрерменге сазды саундтрэк сыйлайды.

AIDIDAU түрік футбол стадионында орындалған күйінің тарихымен бөліседі. «NE PROSTO orchestra» ұжымындағы жұлдызды жұп Мадияр мен Мөлдір қалай танысты? «JAZI orchestra» ұжымының дирижері Аян Амангелдинов музыканттарды қалай қадағалайды? Шын мәнінде «JAZI» және «NE PROSTO» оркестрлерін не байланыстырады? Ал сізге қандай саундтрек ұнайды?
Осы сұрақтардың жауабы мен түрлі қызықтарды «Төрлетіңіз» бағдарламасының осы санынан көріңіз!