ШЫҰ-ға мүше елдер энергетика мәселелерін талқылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер энергетиканы дамытудың стратегиялық жобасын келісті. Бүгін Астанада Энергетика министрлерінің төртінші кеңесі өтті. Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, жоба ұйымға мүше елдердің өңірлік энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жоспар 2030 жылға дейін жүзеге асырылады. Онда транзиттік әлеуетті жетілдіру, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, дәстүрлі энергия көздерін жаңғырту және жасыл энергетика технологиясын дамыту көзделген.