ШЫҰ мемлекеттерінің ұсыныстары

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы заман мен қоғам талабына сай трансформациялануда. Қатары толыққан сайын мүше мемлекеттердің ұсыныс-талаптары да ескеріледі. Ал, Астанада өтетін Саммит қарсаңында сарапшылар біздің арнаға Ұйымның бас хатшысының рөлі мен оған қарасты институттың қолданыстағы тіліне қатысты тың ойларын айтты.

Тату келісімнің кепілі – тіл табысу. Бірақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ресми тілі - екеу. Қытай мен орыс тілін білетіндер үшін бұл бәлендей мәселе емес. Ал, Үндістан, Пәкістан мен Иранға ишарадан гөрі - еркін түсінісу маңызды. Сондықтан, үшінші етіп - ағылшын тілін енгізуді ұсынды. Орыс пен қытай тілі - тарихи тұрғыдан таңдалған. Өйткені, Шанхай бестігі құрылғанда, посткеңестік елдерден бөлек оның басында Ресей мен Қытай елі тұрды.