«Super bol» әлеуметтік-спорттық жобасының финалдық ойыны өтті

Шымкентте қазақстандық «Super Bol» әлеуметтік-спорттық жобасының гранд-финалы өтті. Бәсекеге бұл жолы Өзбекстан мен Қырғызстандық әуесқой аяқ доп шеберлері де қатысты. 

Аты аңызға айналған қос бірдей бапкер Вахид Масудов пен Дмитрий Огай баптаған әуесқой футболшылар ақтық сында өз шеберліктерін көрсетті.

«Super Bol» жобасы осымен үшінші рет өтіп жатыр. Қажымұқан стадионына жиналған бұқараның қарасы қалың болды.Бұл ойынды тамашалауға  әлемдік футбол жұлдыздары Фадига Халиллу мен Флоран Малуда арнайы келді.

Нұрсұлтан Құрман, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті:

– Аты аңызға айналған қос бірдей бапкер, Вахид Масудов пен Дмитрий Огай бір ай бойы балаларды дайындады. 50 бала жасыл алаңда доп тебеді. Олардың ойынын көруге Қытай мен Түркия, Ресей, көрші Өзбекстан мен Қырғызыстаннан топ-клуб өкілдері келді.