Тасқыннан зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау жалғасып жатыр

Қазір Ақмола облысында 273 үй салынуда. Атбасар ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Онда күзге дейін 165 отбасы көшірілмек. Топаннан баспанасыз қалғандарға көмек Ақтөбеде де қарқынды жүргізілуде. Облыста бүгінге дейін 1840 үйге келтірілген шығын толық өтелді. Енді 22 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеуден өткізу керек. Ал, Атырау облысында дүние-мүлкі бүлінген 2663 отбасының 4-еуімен ғана келісім жасау қалды. Өңірде 69 шағын және орта бизнес иесіне өтемақы төленді. Батыс Қазақстан облысында 13 әлеуметтік нысан қалпына келтіріліп жатыр. 570 саяжай үйінде бағалау жұмыстары жүргізілуде. Қостанай облысында 153 үй салынуда. Арқалық қаласында 50 пәтерлі баспана тұрғызылып жатыр. Құрылыс жұмыстары Солтүстік Қазақстанда да жалғасуда. Облыста 620 үй бой көтереді. Бүгінге дейін 491 отбасы баспаналы болған.