«Таза қала» жобасы көрерменге жол тартты

Мемлекет басшысының бастамасын барынша кеңірек насихаттау үшін Президент Телерадиокешені «Таза қала» жобасын қолға алған еді. Хабардың алғашқы шығарылымы бүгін көрерменге жол тартты. Арнамыздың түсірілім тобы шырайлы шаһар – Шымкенттегі ахуалды көріп, 5 талап бойынша бағалады. Олар қаланың тазалығы, эстетикасы, тұрғындар мәдениеті, коммуналдық қызметтің жұмысы және көгалдандыру. Жалпы, арнамыздың журналистері бағдарлама аясында еліміздің ірі және шағын қалаларына барады.

Ал жобаның соңында эколог мамандар Қазақстанның ең таза шаһарын анықтайды. «Таза қала» эфирге әр жұма сайын шығады.