«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында этно-тарихи кешендердің аумағы тазартылды

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Жамбыл облысында 816 шақырымнан астам арық-атыздар қоқыстардан тазартылған. Бұл жұмыстарға еріктілер, жастар сондай-ақ аймақ тұрғындары да жаппай қатысты. Экологиялық шара Әулиеата өңірінде бүгін де ұйымдастырылып, Тектұрмас этно-тарихи кешенінің маңы абаттандырылды. 

Жамбыл жұрты тазалық шарасына бір адамдай жұмылған. Жыл соңына дейін өңірде 300 шақырымға жуық арық-атыздарды тазарту жоспарланып отыр. Бүгін Тараз қаласындағы Тапал, Үшбұлақ, Қарасу-1, Қарасу-2 және Төрегелді су каналдарына техникалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Қамыстар орылып, айналасындағы шөптер шабылды.

Қайрат Исмаил, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Әрине, қалалық бюджеттен қаражат бөлдік осы акциясының нәтижелі болуы үшін. Акция оң әсерін беріп жатыр.