Тұрғындарға жаңа баспана берілді

Павлодар облысының Жалаулы ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер берілді. Қоныс тойын тойлаған жұртты аймақ басшысы Асаин Байханов құттықтады. Ауылда мерекелі іс-шара ұйымдастырылып, Иса Байзақов атындағы филармония ұжымы концерт қойды.

Бұл тұрғын үйлер жоспар бойынша шілде айының 15 күні тапсырылуы тиіс еді. Алайда құрылысқа қолдау көрсеткен ірі өндірістік, энергетикалық және құрылыс компанияларының арқасында межеленген уақыттан бұрын бітті.

Асаин Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Осы татулықты бір ашуға сатпай, шыдамдылық пен сабырлық танытқандырыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын. Осы қиын кезде қол ұшын созып, демеушілік көрсеткендеріңіз үшін, жомарт жүректі азаматтарға алғысымды білдіремін.