Туризмде түйткіл көп

Әлемде экономиканың 10%-ы туризмге тиесілі. Алайда, біз бұл салада кенже қалып келеміз. Себебі де сан алуан. Көрікті мекен көп болғанымен, қызмет көрсету сапасы нашар, кадр да тапшы. Демалыс орындарының бағасы қымбат, оның үстіне жету өте қиын. Қысқасы, түйіні тарқатылмаған түйіткіл өте көп. 

Мемлекет басшысы ішкі туризмді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген. 

Кейінгі 5-6 жылда елдегі ішкі туризмде оң динамика байқалады. Салаға жауапты мамандар сандарды ойнатып, осылай дегенімен, кемшіліктер көрер көзге анық байқалады.