Үкіметте ел ішінде мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды

Үкіметте ел ішінде мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды

Үкіметте ішкі нарыққа мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды. Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында  жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізуді назардан тыс қалдырмады. Ол үшін тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту керек. Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.