Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% дейін көтерді
![Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% дейін көтерді](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/2b68939e00927eddf439dcf2de8c3478_XL.jpg)
ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді. Баспасөз хабарламасы сағат 13:00-де жарияланды.